Медиа орталық

Қазақстандық кәсіпкер KAZAKH INVEST-пен бірлесіп инновациялық жобаны жүзеге асырады

 Қазақстандық кәсіпкер KAZAKH INVEST-пен бірлесіп инновациялық жобаны жүзеге асырады

Қазақстандық бизнесмендер KAZAKH INVEST Ұлттық компаниясымен бірлесіп Алматы облысында күріш қабығын кәдеге жарату бойынша инновациялық инвестициялық жобаны жүзеге асырмақ. Тиісті келісімге ұлттық компания мен «Биокарбон» ЖШС өкілдері қол қойды.

Бизнесмендердің айтуынша, жобаға инвестиция көлемі шамамен 500 млн теңгені құрайды. Сонымен қатар, 40 жаңа жұмыс орны ашылады. Жыл сайын 2 мың тоннадан астам энергетикалық отын брикеттерін өндіру жоспарлануд

«Біз күріш қабығын энергетикалық отын брикеттеріне кешенді өңдеудің технологиялық процесін әзірледік. Өндірілген тауар ферроқорытпалар мен металлургиялық кремний өндірушілер арасында, сондай-ақ пештерде, сүректің орнына және түрлі жылыту жүйелерінде тамақ дайындау кезінде отын ретінде тұрмыстық қолдану үшін белсенді пайдаланылатын болады. Баламалы, арзан отын мәселесін шешумен қатар, біз Алматы облысында күріш қабығын кешенді кәдеге жаратудың негізгі міндетін шешеміз», - деп атап өтті "Биокарбон" ЖШС жобасының жетекшісі Болат Бектемісов.

Балқаш өңіріндегі тәжірибелік-өнеркәсіптік кешен жұмысының нәтижелері негізінде ұзақ мерзімді жоспарда компания Қызылорда облысында өз бизнесін кеңейтуге дайын, онда ұқсас технология бойынша жыл сайын кремний-көміртекті брикеттерге 100 мың тоннаға дейін күріш қауызын кәдеге жарату және қайта өңдеу бойынша өнеркәсіптік базаның құрылысы жоспарлануда. Болашақта трансферт ретінде компания әлемнің ірі күріш өсіруші өңірлерінен мүдделі компанияларға ұзақ мерзімді лицензия түрінде патентті сату мүмкіндігін қарастырады.

«Инновациялық жобаны енгізуден мультипликативті нәтиже өңірдің экологиялық жағдайын жақсартып, ауа бассейнін тазартып, қалдықтарды көмуге арналған мың гектар жер алқаптарын босатады. Сондай - ақ, инвестиция ағыны да артады, ферроқорытпа мен техникалық кремний өндірісі үшін жаңа балама өнім жасалады», - деді "KAZAKH INVEST "ҰК" АҚ Алматы облысы бойынша аймақтық директоры Дарья Овсянникова.

Осы жобаны сүйемелдеу бойынша жұмыс шеңберінде "KAZAKH INVEST "Ұлттық компаниясы" АҚ қажетті құжаттар мен рұқсаттар алуға, мүдделі компаниялармен келіссөздер жүргізуге және мемлекеттік қолдау шараларын алуға, оның ішінде өнімді шетелдік нарықтарға экспорттауға көмек көрсететін болады.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге