Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар (ӘКК) – бұл өз қызметін тауарлар мен қызметтер өндірісі мен өткізуден пайда алу мақсатында жүргізетін бизнес-құрылымдар. ӘКК-ның коммерциялық корпорациялардан негізгі айырмашылығы болып, алынған табыс ӘКК-ы қай өңірдің мүддесіне құрылса, сол өңір халқының әлеуметтік және экономикалық мақсаттарын жүзеге асыруға қайта инвестицияланатындығы табылады (Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауынан, наурыз 2006 жыл).
«Жетісу» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылдың 20 сәуіріндегі №320 Жарлығымен құрылды. Мемлекет атынан Қазақстан Республикасының Үкіметі «Жетісу» ӘКК» ҰК» АҚ-ның жалғыз акционері болып табылады.
ӘКК-ның негізгі мақсаты халықтың әл-аухатын инвестиция тарту және үкіметтік және өңірлік бағдарламаларды жүзеге асыру арқылы арттыру болып табылады.
«Жетісу» ӘКК» ҰК» АҚ-н құрудағы басыт идея Алматы облысының экономикалық дамуына мемлекеттік және жеке секторларды шоғырландыру, кластерлік тәсіл негізінде бірыңғай экономикалық орта қалыптастыру, инвестициялар және инновациялар тарту үшін қолайлы экономикалық орта құру, өңірлерді әлеуметтік дамытуға, сондай-ақ пайдалы қазбаларды, оның ішінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылдың 11 мамырындағы №376 Қаулысымен бекітілген пайдалы қазбалардың түрлері тізіміне және қор көлеміне сәйкес жалпы таралған қазбаларды барлау, игеру, өңдеуге бағытталған бағдарламаларды әзірлеуге және жүзеге асыруға қатысу арқылы жәрдемдесу болып табылады, Алматы облысының Әділет Департаментінде 2009 жылдың 28 шілдесінде қайта тіркеумен №12712-1907-АҚ тіркелген.
«Жетісу» ӘКК-ның жалғыз акционері болып Алматы облысының әкімі табылады.
Миссия – Алматы облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына мемлекеттік-жеке меншік серіктестігі арқылы жәрдемдесу:
-
Мемлекеттік кәсіпорындарды қалпына келтіру және қайта құрылымдау жобаларын әзірлеу және жүзеге асыру, олардың негізінде жаңа бәсекеге қабілетті өндірістер мен технологияларды дамыту;
-
Ауыл шаруашылығы, құрылыс, көлік, металлургия салаларында шағын және орта кәсіпкерлікті тартумен және жаңа технологияларды енгізумен кластерлер құруға жәрдемдесу;
-
Әлеуметтік жобаларды құру және жүзеге асыруға қатысу;
-
Берілген мемлекеттік меншік активтерін тиімді басқару;
-
Өңірде инновациялық қызметті тұрақты дамыту үшін жағдай жасау;
-
Өңіраралық мәндегі инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру (жолдар, су бөлу, электр станциялары және т.б.).
Міндеттері:
- бәсекеге қабілетті жаңа өндірістерді құру және өңір экономикасының басым секторларында жұмыс жасап тұрғандарын жаңарту (өсім нүктелері);
-
мемлекеттік активтерді іскерлік айналымға тартуды, келелі активтерді сауықтыруды және олардың негізінде бәсекеге қабілетті өндірістерді құруды қамтамасыз ету;
-
озық өндірістік және басқарушылық технологиялар мен стандарттарыды енгізу; бюджеттен тыс инвестиицяларды тарту;
-
бизнестің экономикалық белсенділігін арттыруға, инновацияларды дамытуға және технологиялық жаңартуға (технопарктер, АЭА, бизнес-инкубаторлар, инвесторларға қызмет көрсету орталықтары және т.б.) жәрдемдесу, оның ішінде оператор қызметін атқару арқылы;
-
шағын және орта бизнесті, оның ішінде ірі бизнес айналасында кластерлеуге жәрдемдесу;
-
компания қызметінің аясында бизнеске қаржылық емес қолдау көрсету; бизнес жобаларды жүзеге асыру үшін мемлекеттік даму институттарымен серіктестікті кеңейту;
-
коммуникацияны және портфельдік компаниялар арасында тәжірибелермен алмасуды дамыту;
-
ішкі және сыртқы нарықта өнімді айтарлықтай белсенді түрде алға жылжыту үшін өнімді брендтеуге жәрдемдесу;
-
корпорацияны институционалды дамыту;
-
активтерді тиімді басқару;
-
өндірістердің бәсеке қабілеттілігін арттыруға жәрдемдесу;
-
облыста кәсіпкерлік қызметін дамыту;
-
мемлекеттік-жеке меншік серіктестігі дамыту;
-
облыстың инвестициялық тартымдылығын арттыру;
-
әлеуметтік, инфрақұрылымдық, экологиялық жобаларды әзірлеу және жүзеге асыру;
-
арнайы индустриалды аймақтарды, технопарктерді, бизнес инкубаторларды институционалды дамыту.
«Жетісу» ӘКК-ның қойылған міндеттерін жүзеге асыру үшін мемлекеттік активтер берілген (мемлекеттік қатысу үлестері бар ЖШС, мүліктік кешендер, жер телімдері және ақша қаражаттары). «Жетісу» ӘКК-на берілген активтер негізінде жеке меншік бизнесімен серіктестік жобалары жүзеге асырылуда.
«Жетісу» ӘКК-ы жергілікті атқарушы органдармен, даму институттарымен, еліміздің министрліктерімен және ведомстволарымен, жеке инвестициялық, қаржылық құрылымдармен, халықаралық ұйымдармен және т.б. тығыз қарым-қатынас орнатады.
Функциялар
- Ұйымдастырушылық қызмет – берілген активтерді басқару, жобалар мен инвесторларды кеңес берушілік сүйемелдеу;
- Инвестициялық қызмет – меншікті, тартылған және қарыз қаражат есебінен жүргізілетін инвестициялық қызмет, инвестициялар тарту жөніндегі жұмыс;
-
келешекті жобаларды жүзеге асыру үшін өңірлерге отандық және шетелдік инвестициялар тарту;
-
бизнесті қолдау инфрақұрылымын дамыту;
-
басым салаларда кластерлерді дамыту;
-
ірі компаниялар айналысында әріптестік бағдарламаларды үйлестіру, инвесторларға жобаларды мемлекеттік бағдарламалар аясында үлестік қаржыландыру арқылы жүзеге асыруға жәрдемдесу;
-
«ҚР 2010-2014 жылдарға арналған Мемлекеттік үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасының», «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасының және басқа да бағдарламалардың аясында өңірлік жобаларды жүзеге асыруға жәрдемдесу.
Байланыс
Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Абылайхан көшесі, 113
тел.: 8(7282)329720
8(7282)329500
8(7282)329509
8(7282)329517
факс: 8(7282)329503
8(7282)329494
e-mail: zhetisu@spk-zhetisu.kz