«Қорғас» шекара маңы ынтымақтастық халықаралық орталығы» АҚ-сы Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Қытай Халық Республикасы Үкіметінің арасындағы Келісімді жүзеге асыру аясында Алматы облысының Панфилов ауданындағы қазақстан-қытай шекарасында «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастық халықаралық орталығын құру мақсатында өмірге келген мемлекеттік компания болып табылады.

Миссия: әлемдік экономикаға интеграцияланған шекара маңы ынтымақтастығының бірегей үлгісін құру.

Мақсаты: Қазақстан мен Қытай арасындағы шекара маңы территорияларын дамыту, инвестициялық климатты тарту, халықтардың әлеуметтік-экологиялық, мәдени өзара әрекеттестіктегі табиғатты қорғау және экология бойынша ұлттық және мемлекетаралық бағдарламалардың ықпалын кеңейту.

«Қорғас» ШЫХО екі бөліктен тұрады: Алматы облысының Панфилов ауданында орналасқан қазақстандық және Шыңжан-Ұйғыр автономиялы районының Іле-Қазақ автономиялы аймағында орналасқан қытайлық бөлігі.

«Қорғас» ШЫХО қазақстандық бөлігінен Алматы облысының орталығы Талдықорған қаласына дейінгі арақашықтық 321 шақырым, ал Қазақстанның ең жақын ірі қаласы Алматыдан арақашықтығы 361 шақырымды құрайды.

«Қорғас» ШЫХО-ң қазақстандық бөлігі шекара маңында орналасқан қытайлық қала Қорғастан 1 шақырым, Іле-Қазақ автономиялы аймағының ең ірі жақын - Инин қаласынан 90 шақырым, ШҰАР-ң әкімшілік орталығы Үрімжі қаласынан 670 шақырым қашықтықта орналасқан.

«Қорғас» ШЫХО-ң жалпы ауданы 560 гектарды құрайды, оның ішінде 217 гектар қазақстандық бөлігі, ал 343 гектар – қытайлық бөлігі. Орталықтың бөліктері арасындағы байланыс арнайы жаяу-жол-көлік өткелі арқылы жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы, Қытай Халық Республикасы және басқа елдердің азаматтары Қазақстан мен Қытайдың «Қорғас» ШЫХО территориясында мемлекет-тараптардың құзыретті органдарымен келісілген және танылған жарамды құжаттар негізінде визасыз 30 тәулікке дейін бола алады.

Инвестициялық жобалар

Инвестициялық жобаны іске асырудың жалпы құны, оның ішінде инженерлік инфрақұрылымды қолдауға арналған объектілерді жобалау және салу 382,882,83 млн. Теңгені құрайды.

«Қорғас» ШЫХО біздің елімізде жүзеге асырылатын ірі инвестициялық жобалардың бірі екендігін ескере отырып, инфрақұрылымның құрылысын мемлекет қаржыландырады.

Коммерциялық жылжымайтын мүлік жеке инвестицияларды тарту есебінен салынатын болады. Орталықтың объектілерін (кешендерін) жобалау және салу құны жеке инвестициялар есебінен 309,154.37 млн. Теңгені құрайды

Мәселен, 1 теңгеге республикалық бюджеттен қаражат шамамен 4,2 мың теңге жеке инвестицияларды тарту жоспарланып отыр.

Отандық және шетелдік капиталды тарту үшін Орталық қолайлы, қолайлы инвестициялық климат пен арнайы құқықтық режимді қалыптастырады.

Инвестициялық кезең 2006 жылдан 2018 жылға дейінгі кезеңді қамтиды. Осы кезеңде бағдарламада және жобалық шешімдерге сәйкес негізгі инвестициялық және ұйымдастырушылық шараларды іске асыру жоспарланып отыр, атап айтқанда, Орталықта объектілерді дамыту және одан әрі пайдалану үшін инвестициялық конкурстар өткізу.

2012 жылдан бастап Орталықтың бірінші кезеңінің (сыртқы инженерлік инфрақұрылымның ішкі және негізгі бөлігі, басқа да инфрақұрылымдық объектілерді ішінара іске қосу) объектілерінің құрылысын аяқтау жоспарлануда.

2013 жылдан 2018 жылға дейін жеке инвестициялар есебінен қаржыландырылатын объектілердің құрылысын кезең-кезеңмен аяқтауды қарастырады.

2018 жылдан бастап Орталықтың ауқымды жұмысын бастау жоспарланып отыр.

Байланыс

«Қорғас» Шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы» Акционерлік қоғамы

Нақты мекен жайы:  Қазақстан Республикасы, Алматы  облысы,  Панфилов ауданы,  «Қорғас «ШЫХО»,  "АТЦ Северный" ғимараты

Заңгерлік/ пошталық мекен – жайы: индекс: B55K5G3 (041310), Қазақстан Рнспубликасы, Алматы облысы, Панфилов ауданы, Головацкий атындағы ауылы, Тен Ингер 28 көшесі

Қабылдау бөлімі: 8-72831-7-90-94  * ao_mcpshorgos@mail.ru

Баспасөз қызметі: 8-72831-7-90-93

«Қорғас «ШЫХО» АҚ Астана қаласындағы  өкілдігі

№8 Қонаев көшесі, «Изумрудный» БО, А кеңістігі  №2812 каб.

Instagram: @mcps_khorgos

Twitter: @mcpskhorgos

Facebook: https://www.facebook.com/mcpskhorgos

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге