Медиа орталық

Қазақстанда вольфрамды терең өңдеу жобасын жүзеге асыру жоспарлануда

Қазақстанда вольфрамды терең өңдеу жобасын жүзеге асыру жоспарлануда

«KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ алаңында Қытайдың шетелдегі кәсіпорындарды дамыту қауымдастығының (CODA) және Jiaxin International Resources Investment Limited (Jiaxin International) басшылығымен Қазақстан Республикасының тау-кен өндіру секторындағы инвестициялық белсенділікті арттыру мәселелерін талқылау үшін кездесу өтті. Атап айтқанда, Jiaxin International компаниясының Алматы облысында вольфрамды терең өңдеу жобасын жүзеге асыру жөніндегі жоспарлары талқыланды.

DSC_1521.jpg

CODA президенті Хэ Чжэнвэй KAZAKH INVEST-пен екіжақты стратегиялық серіктестіктің маңыздылығын атап өтіп, 2022 жылдың басынан бері Қытай компанияларының Қазақстандағы жобаларды жүзеге асыруға қызығушылығы айтарлықтай артқанын атап өтті. Қауымдастық қытайлық компанияларға Қытайдан тыс жобаларды іске қосуға көмектеседі. Осындай компаниялардың бірі Jiaxin International болып табылады.

Jiaxin International директорлар кеңесінің төрағасы Лю Лицян бірінші кезеңде вольфрам кенін өңдеп, 65 пайыздық вольфрам концентратына айналдыруды жоспарлап отырғанын айтты. Жобаның екінші кезеңі аммоний паравольфрамды өндіруге және вольфрам карбиді ұнтағын терең өңдеуге бағытталады. Оның айтуынша, инвестицияның жалпы көлемі 450 млн долларды құрап, 1000-нан астам жұмыс орны ашылады. Зауыттың қуаттылығы жылына 3,3 миллион тонна кенді құрайды.

DSC_1514.jpg

Өз кезегінде «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ басшысы Мейіржан Юсупов қытайлық компаниялар ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыруда Қазақстан үшін негізгі серіктестердің бірі болып табылатынын және республиканы индустрияландыруға белсенді атсалысатынын баса айтты. Оның айтуынша, инвесторлар тау-кен өнеркәсібіне, атап айтқанда, өнімді одан әрі өңдей отырып, кен орындарын игеру жобаларына қызығушылық танытуда. Ұлттық компания Қазақстанда осындай жобаларды жүзеге асыруда инвесторларға жан-жақты қолдау көрсетуге дайын.

Анықтама:

Қытайдың шетелдегі кәсіпорындарды дамыту қауымдастығы (CODA) - бүкіл қытайлық қоғамдық ұйым. Қауымдастық Қытай компанияларының қызметін дамыту және «Бір белдеу, бір жол» бастамасын бірлесіп дамыту саласындағы халықаралық ынтымақтастыққа қатысу үшін сыртқы нарықтарға шығуда қолдау мен көмек көрсетеді.

Jiaxin International Resources Investment Ltd. вольфрамның минералдық ресурстарын өндіруде әлемдік көшбасшы болып табылады, вольфрамның барлық өнеркәсіп тізбегіне, соның ішінде барлауды, тау-кен өндіруді, кенді қайта өңдеуді және вольфрамның минералды өнімдерін балқытуды қамтиды.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге