Медиа орталық

Облыстың транзиттік әлеуеті мен инфрақұрылымдық дамуы

Облыстың транзиттік әлеуеті мен инфрақұрылымдық дамуы

Алматы облысының туризм саласындағы даму мәселелері, сауда-экономикалық ынтымақтастық, тауарлар импорты мен экспорты, инвестициялар тарту бойынша халықаралық конференциясы Алматыда өтті.

Іс-шараға Алматы облысының әкімі, Қытай Халық Республикасының Цзянсу провинциясының губернаторы, сондай-ақ құрметті қонақтар қатарында ҚХР-ның Алматыдағы бас консулы қатысты.

«Бүгінде Алматы облысы өңдеу өнеркәсібінде көшбасшы болып табылады. Облыста 1 300-ден астам өнеркәсіптік кәсіпорын, соның ішінде Coca-Cola, Эфес, Филипп Моррис, JTI, Лукойл, Маревен Фуд Тянь-Шань және т.б. сияқты трансұлттық кәсіпорындар жұмыс істейді. Бүгінде өңірде еліміздің барлық темекі өнімдерінің 99% - дан астамы өндіріледі», - деп атап өтті Марат Сұлтанғазиев.

Халықаралық конференция аясында Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы мен Цзянсу провинциясы Халық үкіметінің Коммерция департаменті арасында сауда және инвестициялар саласындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қою рәсімі өтті.

Осы Меморандумға қол қою облыс аумағында іске асырылатын транзиттік әлеуетті және инфрақұрылымдық жобаларды дамытуға оң серпін береді.

Дереккөз: Алматы облысының әкімдігі


Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге