Медиа орталық

KAZAKH INVEST Конаев қаласында инвесторлар мен кәсіпкерлерге қолдау көрсетуге арналған семинар өткізді

KAZAKH INVEST Конаев қаласында инвесторлар мен кәсіпкерлерге қолдау көрсетуге арналған семинар өткізді

Конаев қаласында Қазақстан Республикасында инвестициялық және кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіруге арналған семинар өтті. Іс-шараны ұлттық компания KAZAKH INVEST Алматы облысы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырды. Семинарға бизнес-қоғамдастықтың, жергілікті атқарушы органдардың, Алматы облысының «Алатау» арнайы экономикалық аймағы мен индустриялық аймақтарының басқарушы компанияларының, сондай-ақ «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері қатысты.

Семинар барысында KAZAKH INVEST, ҚР Сыртқы істер министрлігінің Инвестициялар комитеті, «QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ, «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ, «Қазақстан Даму Банкі» АҚ және «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ өкілдері баяндама жасады. Қатысушыларға инвестициялық қызметті қолдаудың қолданыстағы мемлекеттік шаралары — салықтық және кедендік жеңілдіктер, инвестициялық преференциялар, инвестициялық омбудсменнің тетіктері, жобаларды құқықтық және сервистік сүйемелдеу құралдары туралы егжей-тегжейлі ақпарат ұсынылды. Аймақтық деңгейде инвестициялық жобаларды іске асыру кезінде туындайтын өзекті мәселелер талқыланды.

KAZAKH INVEST өкілдері компания қызметі, инвестицияларды тарту және сүйемелдеу жұмысы, сондай-ақ инвестициялық келісімшарттарға қол қою мен құқықтық-ақпараттық қолдауды қоса алғанда, инвесторларды қолдаудың өзекті құралдары туралы айтып берді.

Семинар аясында қатысушылар KAZAKH INVEST сүйемелдейтін өңірдегі ірі жобалардың бірі – Конаев қаласында салынып жатқан PepsiCo зауытына барды. Америкалық компания 160 млн АҚШ доллары көлемінде инвестиция салуды жоспарлап отыр және жоба аясында инвестиция көлемін екі есеге ұлғайтып, екінші фазасын іске қосу туралы шешім қабылдады. Зауытта 900-ге дейін жаңа жұмыс орны ашылады, ал өндірістік қуат үш есеге артады. Кәсіпорын толық қуатында жылына 210 мың тонна картоп өңдеп, 70 мың тонна дайын өнім шығаруды көздейді. Бұл өндірістік алаң PepsiCo компаниясының өңірдегі жеткізу тізбегінің негізгі бөлігіне айналып, ішкі нарықпен қатар Орталық Азия елдерінің өсіп келе жатқан сұранысын қамтамасыз етеді. Қазіргі уақытта жобаның бірінші фазасы бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары белсенді жүргізілуде.

Семинар кәсіпкерлердің өзекті мәселелер мен ұсыныстарын ашық талқылауға мүмкіндік берген диалог алаңы болды. Даму институттарының өкілдері бизнес-қоғамдастықтың ұсыныстарын мұқият тыңдап, барлық көтерілген мәселелерге оңтайлы шешім ізделетінін атап өтті. KAZAKH INVEST мұндай семинарларды Қазақстанның басқа өңірлерінде де өткізуді жалғастырады — бұл кәсіпкерлер мен инвесторлардың мемлекеттік қолдау шаралары туралы хабардарлығын арттыруға бағытталған.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге