Медиа орталық

Энергетиканың тұрақты дамуына тиімді үлес

Энергетиканың тұрақты дамуына тиімді үлес

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевтің тапсырмасын орындау аясында, Алматы облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы, Қытай делегациясымен Астана қаласына барып, «Samruk Energy» АҚ өкілдерімен кездесу өткізді. Кездесуде, Іле өзенінің Қапшағай су электр станциясынан төменгі жағынан қуаттылығы 500 МВт гидроаккумуляциялау құрылысын үйлестіруге тапсырыс беру, сонымен қатар, Ақтоғай ГЭС жобасын іске асыру барысы талқыланды.

Алматы облысында қуатты аукцион өткізу мүмкіндігін арттыруға қатысты, Энергетика министрлігімен ЖЭК (жаңартылатын энергия көздері) бойынша маңызды келісімге қол жеткізілді. Энергетика министрінің бұйрығымен  әрқайсысының қуаты 20 МВт болатын екі шағын су электр станциясының және 10 МВт бір станцияның құрылысына, жаңа аукцион кестесі бекітілді. Кеген және Райымбек аймақтары cондай-ақ Іле ауданында қуаты 100 МВт күн электр станциясының және Жамбыл облысында 20 МВт тағы бір стансаның құрылысы мақұлданды.

Бұл келісім жоғарыда аталған жобаларды жүзеге асыру өңірдің энергетикалық секторын дамытудағы маңызды қадам болып табылады, және жалпы энергетикалық байланстағы ЖЭК (жаңартылатын энергия көздерінің) үлесін арттыруға ықпал етеді. Бұл аймақтың экологиялық таза энергетиканы дамыту мен тұрақты және тұрақтылығын қамтамасыз етуге тиімді үлесін қоспақ.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге