Қазақстан отандық және шетелдік инвесторлар үшін бизнесті ыңғайлы әрі қауіпсіз жүргізу мүмкіндіктерін дамыту жұмыстарын жалғастыруда.
Инвестициялау процесін ашық ету мақсатында Ұлттық цифрлық инвестициялық платформа іске қосылды.
Платформа мемлекеттік және квазимемлекеттік құрылымдармен жедел коммуникацияны қамтамасыз етеді, сондай-ақ инвестициялық жобаларды уақтылы іске қосу және кез келген мәселелер жедел шешілуі үшін сүйемелдеуге мүмкіндік береді.
Платформаның негізгі құралдарының бірі – инвесторлар тізілімі, ол «прокурорлық сүзгі» тетігі арқылы инвесторлардың қызметіне заңсыз араласуды болдырмауға мүмкіндік береді.
Егер сізде платформаның жұмысына қатысты сұрақтар болса, «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ мамандары, облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың әкімдіктері жанындағы кәсіпкерлік басқармалар сізге кеңес беруге дайын.
Біз инвестициялық жобаларды барлық даму кезеңдерінде қолдау үшін ашық әрі ыңғайлы сүйемелдеу жүйесін құруға ұмтыламыз.