Медиа орталық

Coca-Cola компаниясы Қазақстанда COVID-19-пен күреске 130 млн теңге бөлді

Coca-Cola компаниясы Қазақстанда COVID-19-пен күреске 130 млн теңге бөлді

Инвесторлар республикамызда COVID-19-пен күреске үлес қосуды жалғастыруда. «Кока-Кола Алматы Ботлерс»БК (Coca-Cola бренді) бизнес-қауымдастықтың әлеуметтік-жауапты өкілі бола отырып, барлық қазақстандықтар үшін бұл қиын уақытта қолдау көрсетті. «The Coca-Cola Foundation»халықаралық қайырымдылық қоры Қызыл Крест және Қызыл Жарты Ай халықаралық қозғалысының бір бөлігі болып табылатын Қазақстанның Қызыл Жарты ай ұйымына COVID-19-пен күреске шамамен 130 млн теңге бөлді.

Аталған қаражат балалар жұқпалы аурулар клиникалық ауруханасының, Алматы қаласының қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының, фтизиопульмонология Ұлттық орталығының, Halyk Arena мұз аренасы базасында ашылған инфекциялық стационардың, Алматы қаласының Орталық қалалық клиникалық ауруханасының медицина қызметкерлеріне арналған 1,6 мыңнан астам көп рет қолданылатын обаға қарсы жинақтар (20 компоненттен тұратын жинақтар) сатып алуға бағытталды.Сонымен қатар қорғаныс құралдарының бір бөлігі Нұр-сұлтан қаласындағы Ұлттық ғылыми медициналық орталықтың қызметкерлеріне берілді.

KAZAKH INVEST тарапынан ұйымдастыру, атап айтқанда, медициналық мекемелер мен ішкі істер органдарының қорғаныс құралдарына қажеттілігін анықтау және келісу жағынан көмек көрсетілді. Сонымен қатар, біздің компания инвесторлар үшін тәулік бойы кеңес беруді және Қазақстанда бизнес жүргізуге көмек көрсетуді қамтамасыз етуді жалғастыруда.

Бұдан басқа, COVID-19 анықтамасына 27 мың тестке арналған 270 реагенттер жиынтығы ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне берілді. Бөлінген қаражат 5 мың аз қамтылған отбасы, мүгедектігі бар және ауыр сырқаттары бар адамдар, Ұлы Отан соғысының ардагерлері және басқа да әлеуметтік осал топтар үшін азық-түлік және бірінші қажеттіліктегі тауарлар сатып алуға жұмсалды.

Сонымен қатар, Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларының және Алматы облысының әкімдіктерімен бірлесіп, медициналық мекемелерге және Нұр-Сұлтан және Алматы қаласындағы блок-бекеттерге, медициналық қызметкерлер үшін карантиндік орталықтарға 12 мыңлитрденастамCoca-Cola сусындарын ақысыз негізде жеткізуді жолға қойды.

Айта кету керек, қоғамдық тамақтану және ШОБ саласында қалыптасқан жағдайға қарамастан, нарық қатысушылары жұмыс орындары мен клиенттердің ниеттестігін сақтай отырып, шағын және орта бизнес өкілдері өз қызметін қолданыстағы ережелер мен шектеулерге сәйкес жүргізе асыру үшін іскерлік серіктес - дистрибьюторлармен, сауда нүктелерінің жабдықтаушыларымен және иелерімен байланысты қолдауға бағытталған.

Халыққа көмек көрсетуге инвесторларды тарту жөніндегі жұмыс жалғастырылатын болады.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге