- Құрылыстың атауы – Шелек өзеніндегі Бартогай ГЭС-28.
- Орналасқан жері – Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Алматы қаласынан 175 км, Шелек ауылынан 55 км, Көкпек ауылынан және Алматы-Қорғас автожолынан 17 км қашықтықта орналасқан. (Қолданыстағы Бартогай су қоймасына қосымша салынады).
- Су шаруашылығы бассейні – Балқаш-Алакөл бассейні.
- Кадастрлық нөмірі – 03-044-295-649. Алматы облысы әкімінің 2020 жылғы 24 қаңтардағы №16 қаулысы.
- Құрылыстың мақсаты – маусымдық суаруды реттеу, суармалы алаңы 66,3 мың га.
- Техникалық жағдайы – қанағаттанарлық.
- Су көзі – Шелек өзені.
- Реттеу түрі – маусымдық (сәуірден қыркүйек айларына дейін).
- Көлемі – ҚТД 292,0 млн.м3, ӨКД 48,0 млн.м3.
- Жылдық су ағызу көлемі (2023 жылы) – 951,54 млн. м³;
- Су деңгейінің айырмасы: 28 метр.
Жоба – Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданындағы Бартоғай су қоймасында белгіленген қуаты 3,3 МВт шағын гидроэлектростанция (ГЭС) салуды көздейді. Электр энергиясын өндірудің максималды қуаты – 14 256 000 кВт / сағ.
Компания: Жобаның бастамашысы – «Қазсушар» РМК.
Жобаның тартымдлығы неде?
- Экологиялық қауіпсіздік. Гидроэнергетикалық қондырғыда электр энергиясын өндіру қоршаған ортаға зиянды қалдықтардың мөлшерін айтарлықтай азайтады және су шығыны минималды деңгейде болады. Сонымен қатар, пайдаланылған су турбина ағыны арқылы өзенге қайта жіберіледі.
- Шикізат базасының сенімділігі. Электр энергиясын өндіруге арналған шикізат Нұра өзенінің су ағыны болып табылады. Өзеннің су жинау аймағындағы жауын-шашын деңгейі салыстырмалы түрде тұрақты, ал өзеннің су ағынының азаю қаупі минималды деп бағаланады.
- Мемлекеттің қолдауы. Жаңартылатын энергия көздері («ЖЭК») секторы мемлекет тарапынан белсенді түрде қолдау табуда. Қазіргі уақытта ЖЭК секторының кәсіпорындары электр энергиясын тасымалдау қызметтеріне төлемнен босатылған, оларға болжамды және ұзақ мерзімді тарифтер қамтамасыз етіліп, өндірілген электр энергиясының барлығы кепілді түрде сатып алынады.