Қазақстанда стратегиялық инвесторларды қолдаудың жаңа құралын енгізді

Қазақстанда стратегиялық инвесторларды қолдаудың жаңа құралын енгізді

Мемлекет Басшысының инвесторларды одан әрі қолдау және стратегиялық инвестициялық келісімді енгізу туралы тапсырмасын орындау аясында Қазақстанда ағымдағы жылдың басынан бастап инвесторлар Парламентте Үкіметпен инвестициялар туралы келісімді тікелей жасасуға мүмкіндікке ие болды.

Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік және Салық кодекстеріне бизнес ортаны жақсартуға және инвестициялық ынталандыруды кеңейтуге бағытталған бірқатар түзетулер енгізілді. Үкімет сондай-ақ инвестициялар туралы келісімдер үшін салалардың басым түрлерін айқындады. Сондай-ақ, инвесторлар мен Үкімет әрбір жоба үшін преференциялар пакетін берудің атаулы тәртібі туралы ортақ келісімге келуге мүмкіндік беретін нормалар бекітілді.

Келісім үшін салық және еңбек заңнамасының нормаларына ерекше назар аудара отырып, 25 жыл мерзімдегі заңнаманың тұрақтылығы көзделген.

Инвестициялар туралы келісім фармацевтика, ауыл шаруашылығы, тамақ өнімдерін, медициналық бұйымдарды өндіру және т.б. сияқты стратегиялық маңызды салаларда кемінде 7,5 млн. АЕК ($51 млн) мөлшеріндегі инвестициялар көлемін көздейтін ірі жобаларды тиімді іске асыру мүмкіндігін ашады. Қолданыстағы инвестициялық келісім-шарттан айырмашылығы, ірі инвесторлар үлгілі немесе стандартты нысанды сақтамай, Үкіметпен келісімдер жасай алады. Ұсыну тәртібі мен қолдау құралдары да келісімде жеке белгіленетін болады.

Инвестициялар туралы Келісім шеңберінде стратегиялық инвесторлар корпоративтік табыс салығына, мүлік салығына, жер салығына, сондай-ақ, егер жоба АЭА аумағында іске асырылатын болса, қосылған құн салығына қатысты салықтық каникулдарды ала алады. Сонымен қатар, инвесторлар салық міндеттемелерін 20 пайызға дейін төмендетуі мүмкін. Салықтық демалыстан басқа, мемлекет инвесторларға құрылыс-монтаждау жұмыстары мен жабдықтарды сатып алу құнының 20%-на дейін өтейтін болады.

Айта кету керек, инвестициялар туралы келісім шеңберінде салықтар бойынша преференциялар алуға тыйым салу жер қойнауын пайдаланушылар мен акцизделетін тауарларды өндірушілер үшін көзделген.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге