Медиа орталық

Universal Energy Алматы облысында екінші КЭС-тің құрылысын бастады

Universal Energy Алматы облысында екінші КЭС-тің құрылысын бастады

Universal Energy компаниясының шетелдік инвесторлары Алматы облысының Іле ауданында екінші күн электр станциясының құрылысын бастады. "Жасыл" жоба "KAZAKH INVEST "ҰК" АҚ және жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен жүзеге асырылады.

Қуаттылығы 50 МВт болатын инвестициялық жоба қазақстандық серіктестермен бірлесіп жүзеге асырылуда. Күн паркінің жалпы аумағы 140 гектарға жетеді, ал жобаның жалпы құны 13,1 млрд теңгені құрайды деп жоспарлануда. Пайдалануға беру ағымдағы жылға жоспарланған.

Жоба жетекшілері атап өткендей, жобаны іске қосу қалпына келетін энергия көздерін пайдаланудың заманауи технологияларын енгізе отырып, өңірдің энергия әлеуетін іске асыруға елеулі үлес қосады.

Бұған дейін компания Қапшағай қаласында 100 МВТ болатны күн электр станциясын салу бойынша жобаны жүзеге асырды. Станцияның жалпы құны 27,7 млрд теңгені құрады. Инвесторлар 300 мыңнан астам күн панелін орнатты.

Айта кету керек, ағымдағы жылы "KAZAKH INVEST" ҰК" АҚ қолдауымен қуатылығы 700 МВт-қа жуық жаңартылатын энергия көздері саласында 13 жобаны іске қосу жоспарланып отыр. Олардың жалпы құны $856 млн. құрайды.

Анықтама: Universal Energy қызметі күн және жел энергетикасына бағытталған, офистері Шанхайда, Гонконгте, Сингапурда, Алматыда орналасқан. Universal Energy (QAZAQSTAN) Қазақстандағы іске асырылатын жаңартылатын энергия көздер жобаларының жалпы қуаттылығы 380 МВт құрайды.


Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге