Медиа орталық

Алматы облысында құны 5,5 млрд теңге болатын жылыжай кешені іске қосылды

Алматы облысында құны 5,5 млрд теңге болатын жылыжай кешені іске қосылды

Алматы облысы Қарасай ауданының аумағында голландиялық технологияларды пайдалана отырып салынған «Eurasian Green Product» ЖШС ірі жылыжай кешенінің ашылуы өтті.

Жаңа жоғары технологиялық жылыжай кешенінде қызанақ өндірісі жолға қойылған. Мұнда алдымен олардың тұқымдары жиналып, кейін көшеттер өсіріледі.

Қазіргі уақытта кешеннің өндірістік қуаты жылына шамамен 2 000 тонна дайын өнімді құрайды. Алдағы уақытта өндірісті жыл сайын 4 000 тоннаға дейін кеңейту жоспарланып отыр.


«Бұған дейін KAZAKH INVEST қолдауымен компания инвестициялық преференциялар алу үшін инвестициялық келісімшарт жасасты. Құжат аясында инвесторлар жылыжай кешенінің құрылысына арналған жабдықты әкелу кезінде кедендік баж салығынан босатылды. Сондай - ақ, «Eurasian Green Product» ЖШС мен «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ арасында инвестициялық жобаны сүйемелдеу туралы меморандум жасалды», - деп атап өтті Алматы облысы бойынша ұлттық компанияның аймақтық директоры Дарья Овсянникова.

Жобаны іске асырудың екінші кезеңі аясында 2021-2022 жылдары қияр өсіру үшін 5 га алаңда тағы бір жылыжай кешені салынады. Үшінші кезеңде инвестор 17 га алаңда түрік технологиясы бойынша көкөністер мен жемістер қоймасын салуды жоспарлап отыр. 


Жобаны іске асыру жергілікті халық үшін 100-ден астам жаңа тұрақты жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, аудан бюджетіне жыл сайынғы түсімдер шамамен 100 млн теңгені құрайды. Екінші және үшінші кезеңдердің пайдалануға берілуіне қарай жұмыс орындарының саны мен салық түсімдерінің сомасы ұлғаятын болады, деп атап өтті инвесторлар.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге