Медиа орталық

Алматы облысында мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіру бойынша семинар өтті

Алматы облысында мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіру бойынша семинар өтті

2022 жылғы 9 қарашада Қонаев қаласында Алматы облысы әкімдігінің алаңында KAZAKH INVEST ұлттық компаниясының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасындағы инвестициялық және кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіру бойынша семинар өтті.

Қазақстандық бизнес-қоғамдастықтың, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың, жергілікті атқарушы органдардың, АЭА Алматы және Шымкент қалаларының басқарушы компанияларының, Алматы, Жамбыл, Түркістан және Қызылорда облыстары өкілдеріне арналған баяндамаларды KAZAKH INVEST, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестициялар комитеті, «QazIndustry Қазақстандық индустрия-экспорт орталығы» АҚ, «QazTrade сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ, «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы АҚ, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ, «Қазақстандық мемлекеттік-жекешелік әріптестік орталығы» АҚ, «Астана» халықаралық қаржы орталығы, сондай-ақ «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жасады.

Семинар барысында қатысушыларға инвестицияларды мемлекеттік қолдаудың қолда бар шаралары, жеңілдіктер мен преференциялардың кең ауқымы, инвестициялық омбудсмен аясында инвесторларды қолдау тетіктері және т.б. Сондай-ақ жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың проблемалық мәселелері талқыланды.

Өз сөзінде KAZAKH INVEST бір терезе тобының жетекшісі Әйгерім Қойлақова семинарға қатысушыларға ақпараттық-құқықтық қолдауды, инвестициялық келісімшарт жасауды және келіссөздерді ұйымдастыруды қамтитын сервистік қолдау жүйесінің функционалдығы туралы айтып берді. Инвестицияларды мемлекеттік қолдаудың жаңа шаралары, мысалы, Инвестициялық келісім, сондай-ақ салық несиесі жан-жақты қамтылды.

Алматы облысына сапары аясында «KAZAKH INVEST» қолдауымен жүзеге асырылатын инвестициялық жобаларды аралады, оның ішінде «Mareven Food Тянь-Шань» тамақ өндіру зауыты, «Шин Лайн» балмұздақ зауыты, «Fruit Art» жеміс мұздату зауыты. Сондай-ақ Алматы облысы бойынша Өңірлік даму орталығына барды.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге